Тұқым сапасын тексеру және сертификаттау
Егістік инспекциясы
Маусым бойынша 2 міндетті далалық инспекция жүргізіледі, оның барысында тұқымдық картоп егістігі вирустармен (бастапқы және қайталама) және басқа да аурулармен (вирустар, қара мойнақ) залалдану белгілерінің бар-жоғына, сортқа сәйкестігі (сорт тазалығы), және карантиндік аурулардың болмауы тексеріледі.
Егістікте арамшөптер көп болса инспектордың қалауы мен шешімі бойынша, егістікті фитотазартудан кейін қосымша далалық инспекция тағайындалуы мүмкін.
Партияның инспекциясы
Тұқымдық картопты жинап, қоймаға орналастырғаннан кейін оның әрбір партиясы тұқымдық картоптың сорты, өсірілген ауданы және класын ескере отырып, инспекция жүргізіледі.
Партияны инспекциялау «ҚР СТ тұқымдық картоп. Сату және тауар сапасын бақылау» стандартында көрсетілген нормативтік талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Тұқымдық картоп партиясына инспекция жүргізу кезінде ішкі ақаулардың немесе аурулардың бар-жоғын анықтау үшін бойлық ось бойынша түйнектерді кесуге болады.
Партияға инспекция жүргізу нормативтері:
Жалпы түсім | Инспекция жүргізуге арналған көлем |
50 000 кг дейін | 100 кг |
50 000 кг бастап 150 000 кг дейін | 150 кг |
150 000 кг бастап 300 000 кг дейін | 200 кг |
300 000 кг бастап 500 000 кг дейін | 300 кг |
500 000 кг бастап 800 000 кг дейін | 400 кг |
800 000 кг жоғары | 400 кг |
Егін жинаудан кейінгі бақылау
Патогендерді айқындау мақсатында зертханалық талдау жүргізу үшін картоп тұқымының әрбір партиясынан әрбір 6 гектардан 220 түйнек мөлшерінде үлгілер алынады.
Патогендерді анықтау үшін картоп үлгілері зертханаға сынауға жіберіледі.
Зерттеу жүргізіледі:
Вирустар - PLRV, PVA, PVM, PVX, PVY, PVS
Бактериялар: Clavibacter michiganensis spp., Ralstonia solanacearum
Зерттеу әдістері – ПТР, вирустар үшін 50 түйнектен 4 реакция және бактериялар үшін 100 түйнектен 2 реакция.